Өңірлер

Қытайдан келген қандасымыздың отбасын ойрандағандар өмір бойына сотталды

© Sputnik / Александр Мазуркевич / Медиабанкке өтуҚылмыскерлерге үкім оқылып жатыр, архивтегі фото
Қылмыскерлерге үкім оқылып жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыс 2017 жылдың қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысында жасалған, отбасы мүшелерін қинаған тонаушылар үйді өртеп жібермек болған

АСТАНА, 10 ақпан — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Қытайдан оралған қазақ отбасыға қарақшылық шабуыл жасап, үйдің ересектерін балалардың көзінше қинаған Көкпекті ауылының тұрғындары сотталды, деп жазды Altaynews.

Расул Ысқақов пен Сұңғат Сафаев соттың үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қылмысқа қатысы бар үшінші адам Иван Федотов жеті жылға сотталды, ол жүргізушінің рөлін атқарған. 

Тонаушы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қарақшылар бір миллион теңге үшін екі адамды өлтіріп кетті
Қарақшылық шабуыл өткен жылы қыркүйектің 10-ынан 11-іне қараған түні болған. Белгісіз біреулер жеке үйге басып кіріп, үй иесі Мұратхан Фатиханұлы мен оның әкесін атып өлтірген, сондай-ақ Мұратханның әйелін жарақаттаған. Үйде сондай-ақ бес және жеті жастағы екі бала мен олардың әжесі болған.   

"Ысқақов пен Сафаев қансырап жатқан әйел мен әжейді скотчпен байлап тастап, балаларды түпкі бөлмеге қамаған, содан кейін газ баллонды ашқан. Қылмыскерлер куәгерлерден осылай құтылмақшы болған. Балалар мен әйел қаза болған жігіттің анасының жанкештілігінің арқасында аман қалды", — деді төрағалық еткен судья Людмила Побияха.

Судьяның айтуынша, сотталушылар адамдарды өлтіруді алдын ала жоспарламаған, тек ақшаны алып кетпекші болған. Ер адамдар жасырынған ақшаның бәрін табу үшін қайта-қайта отбасы мүшелерін қинаған. Олар қымбат бағалы заттар мен ақшаны алып, үйдегі кереуетке от қойған.   

Әзер босап шыққан қарт әйел, Мұратхан Фатиханұлының анасы өртті сөндіріп, газды өшіреді де, туыстарын босатып, полиция шақырады.

Ер адам - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Отбасын балалардың көзінше азаптаған – ШҚО-дағы қарақшылық шабуылдың мән-жайы
Тергеу барысында анықталғандай, қарақшылар 4,5 миллион теңгені алып кеткен. Қылмыскерлер үйдің өртенбей қалғанын естіген соң, қашып кетпек болған, алайда ауылдан шыға берісте қолға түсті.

Зардап шеккен отбасының туған-туыстары соттың үкімімен келіспейді. Олар қылмыскерлерді өлім жазасына кесуді талап етіп отыр. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Оған 15 күннің ішінде шағымдануға болады.  

Айта кетейік, қаза тапқан бизнесменнің отбасы 14 жыл бұрын Қытайдан елге оралыпты. 


Жаңалықтар
0