Өңірлер

Оқушыларға президент шыршасының сыйлығы енді таратылды

Жазылу
Билік өкілдері балаларға арналған сыйлықты уақытылы жеткізбеген кәсіпорынды сотқа берген

АСТАНА, 13 ақпан  — Sputnik. Ақмола облысында президент шыршасына қатысқан балаларға сыйлық ретінде ноутбук берілді, деп хабарлайды өңірдің білім беру басқармасы.

Қант - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда жаңа жылдық шыршада оқушыларға сыйлыққа қант пен сұйық май берген

"Өткен демалыста балалардың бәріне ноутбук үлестірдік. Әрқайсысы сыйлыққа ие болды. Мамандар компьютерге қажетті бағдарламалар орнатып, дұрыс пайдалану үшін ақыл-кеңес берді", — деп хабарлайды білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

"Жауапсыз жеткізуші "Tenderlik kompaniya sattilik" ЖШС сотқа берілді. Балаларға сыйлық алуға жауапты тұлғаға қатысты тиісті шара қолданылған. Дарынды балалармен жұмыс істейтін облыстық әдістемелік орталықтың директоры қызметінен босатылды", — деп атап өтті облыстық білім беру басқармасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 9-13 жас аралығындағы 200 балаға президент шыршасынан сыйлық ретінде ноутбук берілуі тиіс болатын.

Жаңалықтар
0