Өңірлер

Қостанайда жоғалып кеткен жасөспірім табылды

Жазылу
Он бес жастағы ер бала 12 ақпанда Қостанайда жоғалып кеткен болатын

АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik. Қостанайда жоғалып кеткен жасөспірім аман-есен үйіне оралды, деп хабарлады "Алау" өңірлік сайты Қостанай облысы ІІД-не сілтеме жасап.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 12 ақпанда түнде полицияға 15 жастағы баланың анасы қоңырау шалып, ұлының үйден кетіп, қайта оралмағанын айтқан болатын.  

БАҚ-қа ІІД берген мәліметке сүйенсек, жасөспірім үйіне оралыпты. Жағдайы жақсы. 


Жаңалықтар
0