Өңірлер

Алматыда "Тастақ" базарына жақын маңда екі қабатты ғимарат өртеніп кетті

© Sputnik / Александр КожохинӨрт сөндіру көлігі, архивтегі фото
Өрт сөндіру көлігі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалын 290 шаршы метр аумаққа шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Алматының өрт сөндірушілері жексенбі күні таңертең ірі өртті сөндірді, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қалалық ТЖ департаментінің ресми өкілі  Сандуғаш Баймұхамбетова. 

18 ақпан күні сағат 07:29-да құтқарушыларға Алмалы ауданы, Гайдар көшесі, 107 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Айта кетейік, бұл ғимаратқа жақын жерде "Тастақ" базары орналасқан. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына сегіз минуттан кейін келген. 

 

 

"Белгілі болғандай, жеке тұрғын үй аумағында орналасқан екі қабатты ғимараттың екінші қабаты мен шатыры өртенген", — деп хабарлады Баймұхамбетова.

Өрт сағат 08:31-де сөндірілді. Жалын 290 шаршы метр аумаққа шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.  

Өртті сөндіруге 44 адам мен 14 техника жұмылдырылды.  


Жаңалықтар
0