Өңірлер

Қостанайда баласын мектепке апарған ер адам із-түзсіз жоғалып кетті

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қостанай тұрғыны Ербол Кәкімов соңғы рет 15 ақпанда интернетке қосылған

АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Қостанайда баласын мектепке апарған ер адам жоғалып кетті, деп жазады "Алау" жергілікті басылымы.

Михаил Сохань - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда жасөспірім жоғалып кетті

"Ол №4 мектеп маңайында жоғалып кетті. Күйеуім ұлымызды мектепке апарып, әрі қарай жұмысқа кетуі керек болатын, арасы бес-ақ минуттық жер. Телефонға жауап бермейді. Мессенджерде жазып едім, жауап жазған жоқ. Ішімдік ішпейді, сол күні ренжіскен жоқпыз, бәрі жақсы болатын", — дейді жары Татьяна Миненко.

Туған-туыстарының сөзіне сүйенсек, Кәкімов қара күрте, көк джинсы, қара бәтеңке киген, қолында қара сөмкесі болыпты. Ер адамның білегінде күйіктен қалған тыртық бар екен.  

35 жастағы Ербол Кәкімов әлеуметтік желіде соңғы рет 15 ақпанда онлайн болған.

Жаңалықтар
0