Өңірлер

Қызылордада қызын қорлаған педофилдің туыстары араша сұрады

© Sputnik / Болат ШайхиновТүрме
Түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызылордада өгей қызын қорлаған азғын сотталды

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Қызылордада өгей қызына азғындық жасады деп айыпталған күдіктіге сот үкім кесті. Енді Нұрлан Рахиев өмірінің он жылын темір тордың аржағында өткізуі тиіс, деп хабарлайды КТК

Қыз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шығыс Қазақстанда азғын немере қарындасын зорлап, жүкті қылған
Алайда бұл жазамен оның жақындары келіспей отыр. Сондықтан істі қайта қарату үшін апелляцияға арыз бермек. Педофилдің туыстары осыған дейін де тергеу қапасында жатқан Нұрлан Рахиевке келіндерінің жала жауып, баспанасын тартып алмақ болғанын айтып, араша сұраған. Бірақ тергеушілер 33 жастағы азаматтың өгей қызына азғындақ жасағанын тергеу барысында толық дәлелденгенін жеткізді. 

Негізі Рахиев қызды зорламаған. Бірақ қол жүгіртіпті. 11 жастағы Ақгүлдің дене мүшелерінің сау екені сараптамада да дәлелденіпті. Тек жеткіншік анасына өгей әкесінің әуретті жерін екі рет ұстатқанын айтып берген екен. Рахиевтің өзі мұны сол күйі мойындаған жоқ.


Жаңалықтар
0