Өңірлер

Жамбыл облысында дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуҚұбылмалы ауа райы
Құбылмалы ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің болжауынша желдің екпіні 28 м/с дейін жетуі мүмкін

АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. "Қазгидромет" РМК Жамбыл облысында қатты желге байланысты дабылды ескерту жариялады. 

Қыс мезгілі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қыстың соңғы күндері күн суытады
27-28 ақпан күндері Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Айта кетейік, еліміздің оңтүстігінде 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында  Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында ауа температурасы түнде +1+60C, күндіз +5+150C-қа дейін жоғарылап (ОҚО +200C-қа дейін), жаңбыр, қар жауып, кей жерлерде қатты жел тұрады. Осыған байланысты, қар еріп, таулы өзендерде су деңгейі көтеріліп,  өзен бойындағы жерлерді су басуы мүмкін. 


Жаңалықтар
0