Пышақ. Айғақ заттың фотосы

Өзбекстаннан келген оралман отбасында жантүршігерлік қылмыс жасалды

1275
(Жаңартылды 19:00 26.02.2018)
Ауыл тұрғыны анасы мен әйелін пышақтап өлтірді

АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу ауылында ер адам анасы мен әйелін пышақтап өлтірген. Қанды оқиға нендей себептен орын алғаны белгісіз, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Көрші Өзбекстан елінен көшіп келген оралман отбасындағы бұл оқиғаның себеп-салдарын қазір Ордабасы аудандық полиция бөлімінің тергеушілері анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Туған анасы мен әйелін өз қолымен о дүниеге аттандырды деген күдікпен ұсталған азамат бұрын да сотты болған.

 

1275
Загрузка...