Полицей

Ауыл тұрғыны полицейді бір ұрып, погонын жұлып алды

201
(Жаңартылды 16:23 01.03.2018)
Учаскелік полицей біреудің үйіне заңсыз кірген адамды шығармақ болған

АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Бұзақы адам учаскелік полицейдің бетінен бір ұрып, погонын жұлып алған, қазір қамауда отыр, деп хабарлайды Павлодар облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Полиция ведомствосының мәліметіне сүйенсек, Лебяжі ауданы ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Ризабек Төкебаевқа Ямышево ауылының тұрғыны хабарласып, көмек сұраған. Мекенжайға келіп жеткен полицей әйелдің үйіне мас ер адамның кіріп кеткенін көреді. Полиция қызметкері ер адамнан шығуын өтінгенде, мас жігіт жұдырығымен полицейдің бетінен бір ұрып, погонын жұлып алады. Бірақ учаскелік инспектор бұзақының қолын бұрап, көмекке келген ауыл тұрғынымен бірге полиция бөліміне жеткізген.

Қазір 30 жастағы құқық бұзушыға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ол сот шешімімен қамауға алынған.

201
Кілт сөздер:
мас жігіт, бұзақы, полиция, Павлодар облысы
Загрузка...