Өңірлер

Солтүстік Қазақстан мұз құрсауында қалды

© Photo : Паблик SKOPETRO/Петропавловск СКОСолтүстік Қазақстан мұз құрсауында
Солтүстік Қазақстан мұз құрсауында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік Қазақстанда ауа райы қолайсыздығынан жол апаты көбейіп кетті

АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Солтүстік Қазақстанда жел мен жаңбыр және төмен ауа температурасы салдарынан нағыз көктайғақ пайда болды: жолдар мен тротуарларды көк мұз басып, жол апаты жиілеп кетті. Құлап жарақат алғандар саны да артып, ауруханаға ағылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қыс - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанай облысында ер адам мен әйел үсіп қала жаздады

Ауа райының күрт бұзылуы салдарынан қала мен облыс тас жолдарында көлік апаты күрт көбейіп кетті. Әлеуметтік желіде апат орнында түсірілген суреттер толып тұр. 

Төтенше жағдай жөніндегі департаменттің мәліметінше, жаңбыр мен көктайғақ салдарынан барлық жолда көлік қозғалысы шектелген. 

Петропавлда тіпті қоғамдық көліктер де тоқтап қалыпты. Мектеп оқушылары үйлеріне күн жарықта қайтуы үшін ертерек сабақтан босатылды.

Жаңалықтар
0