Өңірлер

Шығыс Қазақстанда көлік мұз астына түсіп кетті – бір адам қаза тапқан

© Photo : пресс-служба акима Кызылординской областимұз
мұз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлік мұз астына түскен жер жағадан 800 метрдей қашықтықта болған

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында төрт балықшы мінген көлік мұз астына түсіп кетті, деп жазады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстанда көпірді су алып кетті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шығыс Қазақстанда көпірді су алып кетті

Ведомство мәліметіне сүйенсек, оқиға өткен жексенбі күні Зырян ауданында Кремнюха ауылына жақын жерде болған. Мұз астына түсіп кеткен көлікте төрт адам болған. Үшеуі шығып үлгеріпті, біреуі суға батып кетті.

"Оқиға орнына құтқарушылар барып, суға кеткен балықшының денесін алып шықты. Көлік мұз астына түскен жер жағадан 800 метр қашықтықта болған", — делінген хабарламада.

Жаңалықтар
0