Өңірлер

Алматы облысында Өзбекстан азаматы туған ағасын өлтірді

© PavlofoxЖұдырық
Жұдырық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қонаққа келген қарт адам отырыс кезінде мас болып, туған ағасын өлтірді

АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. Алматы облысында сот туған ағасын ұрып өлтірген шетелдікті тоғыз жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды өңірдің ІІД баспасөз қызметі.

Күйзеліске түскен әйелдің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Екібастұзда әйел күн көрсетпеген өгей әкесін ашу үстінде өлтірді

2017 жылдың қазанында Жаркенттегі жеке тұрғын үйлердің бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар қарт адамның денесі табылған. Оқиға орнына келген полицейлер жәбірленушінің жақын туыстарының бірін ұстады, ол тергеу барысында ауыр қылмыс жасағанын мойындады.

"Күдікті, 1942 жылы туған Өзбекстан азаматы, жәбірленушінің туған бауыры. Ер адам туыстарына қонаққа келіпті, бірақ отырыс кезінде қатты масайып, үй иесін өлгенше соққыға жыққан. Оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілді", — деп мәлімет берді облыстық полиция.

Панфилов аудандық сотының үкімімен сотталушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтар
0