Өңірлер

Қазақстандықтар ең ұзын құрақ көрпе тігіп, рекорд орнатпақшы

CC0 / Candace Hunter / Құрақ жамылғыш
Құрақ жамылғыш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құрақ көрпені тігу жұмысы 22 наурызда басталып, қыркүйекте аяқталмақ

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Алматыда "Наурыз-2018" мейрамы аясында ең ұзын "құрақ көрпе" тігіледі. 

Қытайда ең ұзын кеспе әзірленді - Sputnik Қазақстан
Видео
Жаңа рекорд: Қытайда ең ұзын кеспе әзірленді
Осылайша мегаполис ең ұзын көрпе тігуден 2000 жылы Португалия орнатқан рекордты жаңартпақшы. Құрақ көрпе 25 500 шаршы метр болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, рекорд жасалып, сертификат алынғаннан кейін көрпе құрақтары түрлі көрмелерге қойылады.

Атаулы шара "Наурыз-2018" мерекесіне орай 22 наурызда басталып, Алматының "Қала күнінде", яғни қыркүйекте аяқталады. Жобаны жүзеге асыру үшін қаланың 25 кітапханасында көрпе элементтері қабылданады. 

"Құрақ көрпенің" әр бөлшегі отанымыздың саналуандығын: даласын, тауы мен өзенін көрсетеді,  ал басты символ – халықтың бірлігі. Қазақстанда 130-дан астам ұлт тұрады. Көрпе құрақтары тұтас жамылғыға айналып, еліміздің тұтастығын паш етеді", —  деді Алматы қаласының мәдениет және мұрағаттар басқармасы.

Айта кетсек, мұның алдындағы рекорд 2000 жылы Португалияның Порто қаласында орнатылған еді. Ол кезде ауданы 25100 шаршы метр "Manta da Cultura" көрпесі тігілді. 

Сонымен қатар, "MacTea" компаниясы да 22 наурыз күні  Жібек жолы көшесінде бұрын-соңды болмаған шай ішу шарасын өткізуді жоспарлап отыр. Олар сыйымдылығы 2 000 литр болатын үлкен шәйнектен Алматы тұрғындары мен қонақтарына шай ұсынады. Осылайша шараны ұйымдастырушылар 20 мыңнан астам адамға шай бермек. 

22 жастағы бойжеткен 6 тәулік бойы тоқтамастан билеп, әлемдік рекорд орнатты - Sputnik Қазақстан
Видео
22 жастағы бойжеткен 6 тәулік бойы тоқтамастан билеп, әлемдік рекорд орнатты
Еске сала кетсек, алматылықтар үшін 21-25 наурыз аралығында сағат таңғы 10:00-нан кешкі 21:00-ге дейін түрлі мерекелік шаралар өтеді. Ал 22 наурызда Астана алаңында үлкен концерт, ұлттық ас мәзірі фестивалі және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.

Сондай-ақ бұл күндері Алматыға 12 елдің өкілдері жиналады: Иран, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Ирак, Түрікменстан және басқалары. 

Алматы тұрғындары мен қонақтары "Наурыз-2018" мерекесін бір ай бойы, яғни наурыз бен сәуір айларында тойлайды.


Жаңалықтар
0