Өңірлер

Қазақстанның тоғыз облысында дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоСу басу
Су басу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
16-18 наурыз аралығында жауын-шашын мен жоғары ауа температурасына байланысты бірқатар өңірде еріген қар суы жиналып, су деңгейі көтерілуі мүмкін

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. "Қазгидромет" РМК еліміздің тоғыз облысында дабылды ескерту жариялады.

Бәйшешек - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Синоптиктердің болжамынша, 16-18 наурызда Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында жауын-шашын (көбіне жаңбыр) мен жоғары ауа температурасына байланысты еріген қар суы жиналып, су деңгейі көтеріліп, алқаптарға жайылуы мүмкін. 

16-17 наурызда Қарағанды облысында, 17-18 наурызда Қостанай мен Ақтөбе облыстарында, 18 наурызда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын (көбіне жаңбыр) мен жоғары ауа температурасына байланысты қар еріп, су деңгейі көтерілу қаупі бар.

Жаңалықтар
0