Өңірлер

Полиция Қостанайдағы қыздың өліміне қатысты ресми мәлімдеме жасады

© Sputnik / Табылды КадырбековҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәмелеттік жасқа толмаған қыздың өліміне қатысты сот отырысы жабық өтеді, жеке деректер таратылғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған

АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. Қостанайда 15 жастағы оқушы қыздың өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Дәрі тамызғыштың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанайда көз жұмған оқушы қызды әкесі пышақтаған болуы мүмкін

Қылмыстық-процестік кодекс бойынша оқиғаның мән-жайы анықталуы үшін барлық шара атқарылып жатыр. Қылмыстық істі тергеу облыстық ІІД-нің бақылауында.

"Жәбірленушінің кәмелеттік жасқа толмағанын ескере отырып, Қылмыстық-процестік кодекстің 29-бабы 1-тармағына сәйкес кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы іс жабық режимде қаралады", — деп мәлімдеді полиция.

ІІД еске сала өткендей, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халық алдында сөйлеген сөзінде жеке өміріне қатысты мәліметтерді жариялау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қыз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда оқушы қыздың өліміне қатысты тың дерек жарияланды

15 жастағы оқушының денесі 18 наурызда көптеген пышақ жарақатымен табылған. Оның әкесі әйелін өлтіргені үшін сотталып, ата-ана құқығынан айырылған. Ер адам сол күні кеуде тұсынан пышақ жарақатын алып, ауруханаға түсті.

"Наша газета" басылымы жазғандай, ол әуелі қызын пышақтап, кейін өзін жарақаттаған болуы мүмкін. Бірақ күдікті мұны жоққа шығарып отыр.

Жаңалықтар
0