Өңірлер

ШҚО аудандарының бірінде төтенше жағдай жарияланды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматы облысы Қызылқайрат ауылындағы тасқын су
Алматы облысы Қызылқайрат ауылындағы тасқын су - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарушылар жергілікті тұрғындарды көшірді, олардың бір бөлігі ауылдағы мектепке орналасса, қалғаны туыстарының үйінде тұрып жатыр

АСТАНА, 24 наурыз — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое ауданында жергілікті деңгейдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

ШҚО-да ауылды су шайып кетті - Sputnik Қазақстан
Видео
ШҚО-да ауылды су шайып кетті – видео

Күннің күрт жылынуынан ондаған үй мен ауланы су басты. 

Құтқарушылар жергілікті тұрғындарды су басқан жерден көшірді, олар қазір ауылдағы мектеп пен туыстарының үйінде тұрып жатыр. 

Төтенше жағдайлар комитеті таратқан ақпаратқа сәйкес коммуналдық және өрт қызметтері, сондай-ақ құтқарушылар Прогресс, Глубокое, Тарханка, Белоусовка ауылдарында суды сорып алып жатыр.

Жалпы, облыста 100-ден астам аула мен 49 үйді тасқын су басып қалғаны хабарланды. 


Жаңалықтар
0