Өңірлер

Шымкенттегі ерекше әжетхана желіде қызу талқыланып жатыр – видео

CC0 / / Қоғамдық әжетхана
Қоғамдық әжетхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкентте автоматты түрде жұмыс істейтін әжетхана ашылды

АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Шымкентте автоматты түрде жұмыс істейтін әжетхана бұрын-соңды болған емес. Ерекшелігі сол, әжетхана автоматына жүз теңге салсаң есігі бірден ашылады, деп хабарлайды otyrar.kz. 

Бұл – автоматты түрде жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы әжетханалардың бірі. Ерекше дәретхана ең алдымен Шымкентте ашылып отыр. Бір қызығы ақылы әжетханада кассир жұмыс істемейді. Яғни, жүз теңге саласың, есіктің өзі автоматты түрде ашылады. Әлеуметтік желіде таралып кеткен ерекше әжетхананың видеосы көпшіліктің қызу талқысына түсті.

"Мынаған жүз теңге саласың, есік ашылады. Мына жақта ерлердікі, ал арғы жағында әйелдердікі. Жүз теңге салсаң кіресің, жүз теңге салмасаң… жібересің", — деп қалжыңдаған видео авторы.

Әлеуметтік желідегі видеоны тамашалағандар автоматты түрде жұмыс істейтін әжетханаға таңданысын білдірді. Ал кейбірі шымкенттіктер үшін әжетхана құнының жүз теңге болуы қымбат дейді.


Жаңалықтар
0