Өңірлер

ШҚО-дағы су тасқыны: пайдакүнем тұрғындар үйлерін әдейі қиратып жатыр

© Photo : инфоцентр ВКОСу тасқыны
Су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Даниал Ахметов мәлімдегендей, Шығыс Қазақстанда тұрғындар жаңа баспана алу үшін өз үйлерін өздері қиратқан

АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынына байланысты жаңа баспана алғысы келген кей тұрғындар үйлерін әдейі қиратып жатыр, деп мәлімдеді өңір басшысы Даниал Ахметов.

Су тасқыны кезінде келе жатқан автокөлік, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шығыс Қазақстанда автокөлікті тасқын су ағызып әкетті

Әкімдік баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Аягөз қаласында үйлерді қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізу басталған. Ахметов аудандағы үйлерді жөндеу жұмыстарына қатысатын құрылыс компанияларының басын қосты. Өңір басшысы бәріне берілген жұмысты адал әрі сапалы түрде тез арада орындауға тапсырма берген.

114 үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайындалды, жөндеу жұмыстары келесі аптада басталады. Осы мақсатта 259 миллион теңге бөлінген.

Аягөзде тасқын кезінде 162 үйді су алып кетті. Қазір олардың бәрі тексеріліп, 41 үйдің жөндеуге келмейтіні тіркелді.

Облыс әкімі атап өткендей, кей тұрғындар табиғи апатты өз мүдделеріне пайдаланғысы келіпті: үйлерін өздері әдейі бұзған жайттар кезіккен.

"Адамдар ескі үйлерінде тұрғысы келмей, қалай да жаңа баспанаға қол жеткізуді мақсат етіп, неше түрлі құйтұрқылыққа барған. Жақсылап жөндеп алуға болатынына қарамастан осылай жасаған. Қоғам қайда қарап отыр? Меніңше, мұндай әрекет қатаң сынға алынуы тиіс. Жаңа үй баспанасы жөндеуге келмейтіндерге берілуі керек. Қалғандарын жөндеп, қалпына келтіреміз. Қауіпсіз жағдайға дейін жеткізіп, реттейміз, адамдар өз үйлеріне қайтып оралады", — деді Ахметов.

Жаңалықтар
0