Өңірлер

Семейде Ертіс өзені тасып, тұрғындар шұғыл көшіріліп жатыр

© Photo : КЧС МВД РКСемей
Семей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда 97 адам қонақ үйлерге орналастырылды

АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Ертіс өзені мен Семипалатинка тоғанында су арнадан асып, Түйемойнақ аралы, Шығыс және Мирный кенттеріне су басу қаупі туып отыр. Қазіргі таңда Түйемойнақ аралынан тұрғындар шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды altaynews.kz.

Су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ШҚО-дағы су тасқыны: пайдакүнем тұрғындар үйлерін әдейі қиратып жатыр

Оқиға орнында қала әкімі Ермак Сәлімов бастаған арнайы топ өкілдері жұмыс істеуде. Атқарушы билік өкілдері жағдайды бақылауға алғанын жеткізді. Мұнда Азаматтық қорғаныс күштері жұмылдырылған. Қауіпті аймақтан халық толықтай көшіріліп жатыр. Эвакуация орны ретінде "Семей" және "Турист" қонақ үйлері, "Строитель" демалыс базасы бекітіліпті.

Қазіргі таңда 97 адам эвакуцияланды, оның ішінде 67 адам "Семей" қонақ үйіне орналастырылса, қалған 30 адам "Туристке" жайғастырылды. Барлық тұрғын ыстық тамақ жəне жылы киіммен қамтылды. Медициналық жəне психологиялық көмекке мұқтаж жандар болған жоқ. Шығын мөлшері әзірге белгісіз. Сомен қатар тілсіз жаумен күреске "Семей" көгалдандыру және көркейту мекемесі де тартылыпты.

"Әзірге он бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Қырыққа тақау қызметкеріміз тартылып отыр. Жағалауға инертті материалдарды төгіп, бекітіп жатырмыз. Дәл осындай шаралар Шығыс кентінің саяжайларында қолға алынды. Мұзды жару жұмыстарынан кейін жағдай тұрақталуы тиіс. Әйтсе де күн батқанша дейін осында болып, судың деңгейін бақылаймыз", — деді "Семей" көгалдандыру және көркейту кәсіпорнының өндіріс бөлімінің меңгерушісі Оразхан Ергебаев.

Еске салсақ, дәл осындай жағдай 2014 жылы болған еді. Ол кезде де Семипалатинка тоғанындағы мұздың кептіліп қалуына байланысты, өзен суы арнадан шығып, жеке тұрғын үй секторларына жайылған. Ал арал тұрғындары мұзды жару шаралары дер кезінде қолға алынбады, сол себепті осындай тасқынға душар болдық дейді.

Су тасқыны кезінде келе жатқан автокөлік, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шығыс Қазақстанда автокөлікті тасқын су ағызып әкетті

"Сағат таңғы 7:30 шамасында судың көлемі көтерілгенін байқадым. Айналдырған екі-үш сағаттың ішінде оның деңгейі еке есеге асып, маңайдың барлығын су басты. Радионы күнде тыңдаймын. Алайда одан ешқандай хабар айтылмады. Сосын сағат 10:00 шамасында төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері келіп ескертті. Бірақ осыны ерте келіп ескертуге болар еді ғой. Өзімнің баспанама су әлі келе қойған жоқ. Себебі биікте орналасқан. Ал аралдың төменгі жағындағы үйлердің басым көпшілігін қызыл су алып жатыр", — деді жергілікті тұрғын Сәрсен Жұмабеков.

Шаһар басшысы қалалықтарды сабырға шақырып, келтірілген шығын мөлшерін арнайы құрылған комиссия анықтайтынын нақтылады. 1200 адам тұратын 500-ге тақау баспана бақылауға алынып отыр екен.

"Бір ай бұрын су тасқынына қарсы шаралар қолға алынды. Қазір тиісті органдар түгел жұмылдырылды. Халықтан алаңдамауды сұраймын", — деді Ермак Сәлімов.

Белгілі болғандай, қала әкімі ҚР ІІМ вице-министрі Юрий Ильинмен бірге қауіпті аймақты тікұшақпен қадағалап шыққан.

Жаңалықтар
0