Қуаныш Сұлтанов

Қуаныш Сұлтанов "7-20-25" бағдарламасының ережесі қашан шығатынын айтты

388
(Жаңартылды 08:27 04.04.2018)
Депутат жаңа жобаның ережесі мамыр айында халыққа жарияланатынын мәлімдеді

АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары Қуаныш Сұлтанов пен Артур Платонов С.Торайғыров атындағы ПМУ ұжымымен кездесті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  

Университет қызметкерлері мен студенттері қатысқан кездесуде халық қалаулыларына Елбасының бес әлеуметтік бастамасы жөнінде сұрақтар қойылды. ҚР парламенті мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қуаныш Сұлтанов әлеуметтік бастамалар жобаларының дайындалу барысы жөнінде айтып өтті.

"Ертіс өңіріне аттанардың алында Үкіметтің отырысы өтті. Отырысқа Ұлттық Банк өкілдері де қатысты. Қазір халықтың көкейінде Елбасының бастамалары жөніндегі сұрақтар көп екені белгілі. Сондықтан арнайы біліп келгенбіз. "7-20-25" жобасының ережесі мамыр айында халыққа жарияланады. Жоба негізінен жастардың баспаналы болуына бағытталған. ПМУ "Электр энергетикасы"кафедрасының меңгерушісі Вадим Марковский депутаттарға аталмыш жобаға екінші нарықтағы пәтерлердің енгізілу барысы туралы сауал жолдады", — деді Қуаныш Сұлтанов.

Кафедра меңгерушісі Вадим Марковскийдің "7-20-25» жобасына екінші нарықтағы пәтерлер енгізіле ме?" деген сауалына ҚР парламенті мәжілісінің экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Артур Платонов жауап берді. 

"Ұлттық банк өкілдеріне осы мәселе жөнінде сауал қойдым, — деді Артур Платонов. – Мамырда олар жүйені ретке келтіреді. Жоба арқылы мұқтаж тұрғындар қамтамасыз етілу керек. Жоба дайындық барысында болғандықтан екінші нарықтағы пәтерлер мәселесі міндетті түрде қаралады. Бұл халыққа барынша жағдай жасауға арналған. Әзірге бірінші нарықтағы үйлерді кіргізеді. Өйткені құрылыс саласын дамыту керек. Бізде еліміз 90 пайыз құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілген. Тағы атап өтерлігі, несиеге іліккендер қарызын уақытынан бұрын жабуға болады. Ол үшін қосымша төлем болмайды".

Артур Платонов сонымен қатар білім ордасының 4-курс студенті Әнел Садуованың білім гранттары туралы қозғаған мәселесіне пікір білдірді. 

"Қосымша 20 мың гранттың 11 мыңы техникалық мамандықтарға бөлінеді", — деді Артур Платонов. – Қалған мамандықтар құр қалады деген сөз емес. Білім және ғылым министрлігі әр өңірдегі сұранысқа байланысты бөлінетіндігін айтқан болатын. Жаңа шыққан мамандықтарды ғана арттырмай, сұранысы мен болашағы бар, оқуын тәмамдаған соң жұмысқа тұра алатындай мамандықтарға грант көбірек бөлінеді. Бұл дұрыс деп санаймыз". 

Сонымен қатар, мәжіліс депутаттары жиналған қауымның қоғамдағы жағдайлар, саяси әрекеттер жөніндегі сұрақтарына жауап берді. 


388
Тақырып:
"7-20-25" бағдарламасы (34)
Загрузка...