Өңірлер

Жол шетінде тұрған ер адамды қағып өлтірген жүргізуші сотталды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот жүргізушіні айыпты деп танып, бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Сонымен бірге ер адам жүргізуші құқығынан бір жылға айырылған

АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Қарағанды облысында сот адам өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша үкім шығарды.

Жол апатының архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Жүргізуші әйелі мен ұлын қағып кеткенін білмей, апат орнынан қашып кетті

Шет аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, көлік апаты Алматы-Екатеринбург жолында болған. 

Lada Largus жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол шетінде тұрған Hyundai Accent көлігін қағады. Көліктің арт жағында иесі тұрған екен. Салдарынан Hyundai жүргізушісі алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. 

Lada Largus жүргізушісі сот үкімі бойынша айыпты деп танылып, бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. 

Сонымен қатар ер адамды жүргізуші құқығынан бір жылға айырған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар
0