Сот отырысы, архивтегі фото

Спортшыны пышақтап тастаған қылмыскер 11 жылға сотталды

226
(Жаңартылды 10:38 09.04.2018)
Айдың күннің аманында ұлынан айырылып қалған ата-ана сотталушының кінәлі екеніне сенбейді

АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik.  ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында кісі өліміне қатысты сот үкімі оқылды. Сотталушы Оразымбетов 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Сот үкіміне риза болмаған жәбірленушінің ата анасы мен туыстары облыстық апелляциялық алқаға шағым келтірмекші.

Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылының тұрғыны 21 жастағы спортшы жігітті ауылдастары текетірес кезінде пышақтаған. Сотталушы өз кінәсін сотқа дейінгі тергеп тексеруде мойындағанымен, сотта мойындамайтынын айтты.

Каратэ спортынын талай сайыстарда топ жарған Мұрат Еркінбекұлын түн жарымда, сағат 12-лер шамасында үйінде жатқан жерінен ауылдас жігіттер шақырып алады. Өзара алауыздықты жұдырықпен шешпек болған жігіттерге көмекке келген Мұратты тасалау жерге алып шыққан топ пышақтап үлгерген.

Айдың күннің аманында ұлынан айырылып қалған ата-ана сотталушының кінәлі екеніне сенбейді. Ұлын бір емес, бірнеше жігіт өлтірді деген сенімде.


226
Загрузка...