жезөкше, архив суреті

Жезөкшені қызғанған жігіт жантүршігерлік қылмысқа барды

2564
(Жаңартылды 18:08 10.04.2018)
Рудненск балалар үйінің тәрбиеленушісі 22 жасында бірнеше рет сотталған ер адамның қолынан қаза тапты

АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. Қостанайда үш рет сотты болған ер адам жезөкше қызды буындырып өлтірді, деп жазады өңірлік kstnews.kz сайты. 

Бұл қылмыстық іс бойынша сот жабық режимде өтті. Немересі жеңіл жүрісті болғандықтан, 22 жастағы Кристина Шульженконың әжесінің өтініші осы болған. 

Пластикалық терезені монтаждаушы Абай Мұхамбетов Кристинаның клиенті болған. Қыз оған ұнап қалғандықтан, олар жиі кезде бастайды. Біраз уақыттан кейін Абай қызға кәсібін тастауды ұсынады. Ол апта сайын өзі 15 мың төлеп тұрмақ болады. 

Өткен жылдың 27 қарашасында Мұхамбетов әдеттегідей Кристина жалдап тұратын пәтерге келеді. Ол есік алдында үйден шығып келе жатқан ер адамды көріп қалады. Қыз оған ер адамның кран мен балконның есігін жөндеуге келгенін түсіндікмеші болады. Бірақ Мұхамбетов оның сөзіне сенбейді. Қызғаныштан булыққан ол Кристинаны төсек жаймасымен буындырып өлтіреді. Қыздың мәйітін құрбысы тауып алған. 

Сотта Мұхамбетов өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты. Ол төтенше қауіпсіздік жағдайындағы колонияда 12 жыл жазасын өтейді. Қаза болған қыздың әжесіне ол 1,5 миллион теңге моральдық шығын өтеуі тиіс. 


2564
Архивтегі фото

Ақтауда парашюті ашылмай қалған әскеридің секірген сәті видеоға түсірілген

3532
(Жаңартылды 17:12 12.08.2020)
Видеодан әскери қызметшілердің кезек-кезек парашютпен секіріп жатқанын көруге болады. Оған дейін зардап шеккен жігіт камераға қарап, қолын көтереді  

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Ақтауда парашюттің толық ашылмауынан ауыр жарақат алған әскери қызметшінің анасы қорғаныс министрлігінің уәжімен келіспейтінін мәлімдеді. Күлжахан Жамауова ұлының ұшақтан секірген кездегі видеосын Lada.kz басылымына ұсынды. Оны бірге болған әскерилер түсіріп алған.

Видеодан әскери қызметшілердің кезек-кезек секіріп жатқанын көруге болады. Күлжахан Жамауованың ұлы бірінші болып секіреді. Оның алдында камераға қарап, қолын көтереді. Сосын айқай салып, өз-өзіне жігер береді.  

Бұған дейін қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайын түсіндірген. Ресми мәліметке сәйкес, әскери қызметші жерден берілген командаларға жауап бермеген. Қосалқы парашютті де ашпаған. Соның салдарынан жерге қатты құлаған. Күлжахан Жамауова министрліктің түсініктемесімен толығымен келіспеймін дейді.

"Осы оқиғаға қатысты әскерилердің ұстанымымен толығымен келіспеймін. Жерден команда беретін әскерилер мегафонды қолдануы қажет. Ондай құрылғы болған жоқ. Сосын ұлымның парашютінде бір ілмек болмады. Парашюттің өзі тергеушінің кабинетінде әлі жатыр. Сараптама басталған да жоқ", - дейді Жамауова.

Сарбаз қолы мен көзінен айырылды: қорғаныс министрлігі түсініктеме берді 

Оның айтуынша, ауыр жарақат алған ұлына портативті multiFiltrate атты гемодиализ аппараты керек болған. Оны тек үш күннен кейін ғана тапқан. Енді, дәл осы құрылғымен жұмыс істейтін кәсіби мамандар табылай жатыр.  

"Балама ота жасағаннан кейін аппаратқа қосты. Осы аппаратпен бір күн емдеуге 500 мың теңге кетеді. Билік тарапынан ешқандай көмек жоқ. Бәрін туған-туыстар мен ұлымның достары арқасында өзіміз көтеріп жатырмыз", - дейді Жамауова.

Айта кетейік, оқыс оқиға 5 тамызда болған. Парашютпен секіру жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес орындалған. Әскерилердің бірінің парашюті толық ашылмаған. 8 тамыз оған хирургиялық ота жасалды. Әскери қызметшінің ауруханаға түскен кездегі жағдайы ауыр болған.

3532
Кілт сөздер:
видео, Ақтау
Тақырып бойынша
Жарылыс салдарынан 10 әскери қызметкер зардап шекті - қорғаныс министрлігі
Жамбыл облысындағы жол апаты: 17 әскери қызметкер зардап шекті
Қорғаста әскери қызметшіні ұрған ер адам қамауға алынды
Маңғыстауда қолы мен көзінен айырылған сарбаз миллиондаған айыппұл төлеуі мүмкін
Есенбек Сиғуатов

Атыраулық чемпионның өліміне қатысты тың дерек шықты

70
(Жаңартылды 17:12 12.08.2020)
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Атырау облысында тоғызыншы тамызда төбелес кезінде танымал атыраулық спортшы, грепплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатов көз жұмды. Кісі өліміне қатысты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады өңірлік "Мой город" басылымы.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 9 тамызда сағат 3.10-да Дамба ауылының екі тұрғыны арасында қақтығыс туған.

"Жанжал барысында бір адамға оқ тиген. Содан кейін ол ауруханаға жеткізілді. Алған жарақатынан ер адам көз жұмды", - делінген полиция ақпаратында.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы "адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Атырау басшысы әкімдіктің алдында болған келеңсіз оқиға үшін кешірім сұрады

Айта кетейік, қайғылы оқиға тоғызыншы тамызда Дамба мен Құрманғазы ауылының жігіттері арасындағы төбелес кезінде болды. Оқ чемпионның жүрегіне тиген. Есенбек Сиғуатов бір апта бұрын 18-ге толған еді.

70
Кілт сөздер:
күдікті, Атырау облысы, спортшы
Тақырып бойынша
Тоқаев Атырау облысына қандай көмек көрсетілетінін айтты
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
"Жағдай қиындап кетті ": Атырау ауруханасында орын жоқ
Атырау тұрғындарын шошытқан қара түтіннің не екені анықталды
Итті тоңазытқыштың есігімен азаптаған Атырау тұрғынына қатысты іс қайта қозғалды
Нұр-Сұлтан, қала келбеті

Қазақстанда 13 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 13-20 тамыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

13 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ құқықтық қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Кравченконың онлайн-брифингі. Тақырыбы: "Самұрық-Қазына" АҚ қызметіндегі бүгінгі тәуекелдер. Аккредитация: press@sk.kz, +7 700 545 02 01.

12:00 – "Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ басшысы Тимур Мұратов пен "Астана - адалдық алаңы" жобасының жетекшісі, қалалық мәслихаттың депутаты Мирас Шекенов #ANTIKOR жобасы аясында ANTIKOR ORTALYǴY алаңында Facebook-те "Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау саласын дамыту" тақырыбында онлайн-диалог өткізеді. Сұрақтарды тікелей эфирде пікір ретінде қалдыруға болады.  

12.20 - Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру туралы" баспасөз конференциясы. Спикерлер: Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов, "Ұлтық Аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы.

19.00 – "Жаз әуендері" жобасы аясында Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

14 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

15 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Мүмкіндігі шектеулі спортшылардың барлық санаты арасында шахматтан ашық онлайн турнир. Жарысқа есту, көру және тірек-қимыл кемістігі бар спортшылар қатыса алады.  Жарыстар Қазақстанда 2020 жылы 16 тамызда аталып өтетін Спорт күніне орайластырылған. Турнирді Нұр-Сұлтан әкімдігінің бұқаралық спорттық шаралар дирекциясы Мүгедек спортшыларға арналған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебімен бірлесіп ұйымдастырып отыр. (+7 701 641 36 58 телефоны арқылы тіркелуге болады).

18.00 – "Бетховен – Бессмертие - Любовь" балеті, "Астана Опера" театры (трансляция tengri.tv-да).

19.00 - Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

16 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Классика детям" - "Музыка рисует и показывает" концерті, "Астана Опера" театры (Трансляция tengri.tv-да).

19.00 – "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі ұжымының жазып алынған қойылымдары көрсетіледі (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

20 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 - "Тоска" операсы, "Астана Опера" театры (трансляция tengri.tv-да)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.


0