Өңірлер

Ән салатын такси жүргізуші Ақтау тұрғындарын таңғалдырды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуТакси
Такси - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтау тұрғындары әсем әнімен қалалықтардың көңілін көтеріп жүрген ерекше такси жүргізуші туралы айтып берді

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Ақтауда такси жүргізуші дауысымен қалалықтарды таңғалдырып жүр, деп жазды lada.kz.  

Жергілікті тұрғын Владимирдің айтуынша, 7 сәуір күні кешке ол досымен бірге такси тоқтатқан. Оларды ақ Toyota Hilux жеткізіп салған. Автокөлік маркасынан басқа жүргізуші туралы ештеңе белгісіз, жасы 65-тің шамасында.  

"Біз музыка жайында әңгімелестік, ол үнемі "минусовка" жазылған диск алып жүретінін айтты. Дискті қойды да, ән айта бастады. Әрине, әнді жақсы айтты. Жол бойы бір дамылдаған жоқ. Қалада ән салатын басқа такси жүргізушіні өз басым кезіктірмедім, алайда ол жүргізушімен тағы да жолығып қалармыз деп үміттенемін", — дейді Владимир. 

Портал 2016 жылдың жазында такси жүргізуші тұрғындарды бауырсақ туралы балалар әнімен қуантқанын жазған. Видео авторының айтуынша, ол да құрбысымен бірге қаладағы шағын аудандардың бірінде такси тоқтатқан.  

Жаңалықтар
0