Өңірлер

Павлодар әкімдігі Скриптонитті тегін концерт беруге шақырды

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуСкриптонит
Скриптонит - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл жазда қаланың жағалауында Павлодар облысы тумалары – танымал әншілердің концерті өтеді

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Павлодар қаласының шенеуніктері рэп әнші Скриптонитті тегін концерт беруге шақырды.

Әкімдіктің жоспары бойынша, жағалаудағы сахнада 1 маусым мен 1 қазан аралығында жұма және демалыс күндері Павлодар облысының атақты тумалары, сондай-ақ жергілікті шығармашылық топтар концерт қоятын болады.

"Біз әртістерді тегін концерт беруге шақырамыз. Қазір олармен келіссөз жүргізіп жатырмыз, араларында Мария Мудряк, Скриптонит, Меруерт Түсіпбаева, Ринат Малцагов, Роза Мұқатаева сынды орындаушылар бар. Соңғы үш әнші келісімін берді, ал қалғандарымен әлі сөйлесіп жатырмыз", — деді мәдениет, архив және құжатнама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков pavon.kz басылымына берген сұхбатында. 

Әділ Жәлелов – қазақстандық рэп әнші, Скриптонит деген атпен белгілі. Музыкант 1990 жылы маусымда Павлодар қаласына жақын Ленинский ауылында дүниеге келген.

Жаңалықтар
0