Өңірлер

Алматыда жоғалып кеткен қыз көшедегі бақылау камераларына түсіп қалған

© PhotoҚыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
15 жастағы қыз қара көк түсті мектеп формасын киген, арқасына сөмкесін асынған

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Алматыда 8 сәуір күні жоғалып кеткен 9-сынып оқушысы Арайлым Жұматаева жексенбі 9 сәуір күні көшедегі бақылау камераларына түсіп қалған.

Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы облысында екі оқушы жоғалып кетті

Бақылау камераларындағы жазбаға сәйкес, қыз "Есентай" сауда және ойын-сауық орталығының жанында болған, үстінде қара көк түсті мектеп формасы мен сұр күрте, арқасында қоңыр сөмкесі бар.

Жоғалып кеткен қыз туралы қандай да бір мәлімет білетін жандар оның әкесіне (8 702 682 27 55) немесе 102 нөміріне хабарласа алады. 

Видеоны жариялаған заңгер Марат Азатов бақылау камералары иелерінен жоғалған қыздың видеосы бар-жоғын тексеруді сұрайды. 

"Видеодағы сырт келбетіне мән беріңіздер. Бүкіл нысанды қарап үлгермей жатырмыз. Бақылау камералары бар барлық нысан басшылығынан, Алматы тұрғындарынан қандай да бір мәлімет шықса, бізге хабар берулерін сұраймыз", — деді ол.


Жаңалықтар
0