әйел, архив суреті

Жаңа жыл түнінде туған ұлын пышақтап өлтірген әйелге сот үкімі шықты

348
(Жаңартылды 18:06 14.04.2018)
Араққа ақша сұраған баласын анасы пышақтап өлтіреді

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Қостанайда жаңа жыл түнінде туған ұлын пышақтап өлтірген әйел сегіз жылға сотталды. 

Онкологиялық диспансерде санитар болып жұмыс істейтін 45 жастағы әйелге қасақана өлтірді деген айып тағылды, деп жазады "Алау".

Қостанай тұрғыны сегіз жылға сотталды, ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік деңгейіндегі мекемесіне өтейтін болады. 

Бірінші қаңтарда сотталған әйел, күйеуі мен 26 жастағы баласы үшеуі жаңа жылды тойлап, ішімдік ішеді. Таңғы сегіз шамасында ұлы ас бөлмесінде жүрген анасына келіп, арақ алу үшін анасынан ақша сұрайды. 

Әйел баласына ақша бермейді, бұған ашуланға ол анасын итеріп жібереді. Жанжал кезінде әйел үстелде жатқан пышақты алып, ұлын қорқыта бастайды, тіпті жарақаттайды. 

Жігіт анасының қолын шап беріп ұстай бергенде, ол пышақты кеудесіне сұғып алады. Баласы сол жерде жан тапсырған. 


348
Загрузка...