Кісен

Арнайы операция: Қазақстанның үш өңірінде қауіпті қылмыскерлер ұсталды

155
(Жаңартылды 20:42 16.04.2018)
Жедел іздестіру шаралары барысында барлығы түрлі облыстан бес тұрғын ұсталды

АСТАНА, 14 сәуір — Sputnik. ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев брифинг барысында еліміздің бірқатар өңірінде аса қауіпті қылмыскерлер ұсталғанын мәлімдеді.

"ІІМ криминалды полиция департаменті қызметкерлерінің жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Шымкентте 10 сәуірде Астанада жеке кәсіпкерді өлтірген елорданың екі тұрғыны ұсталды", — деді Садубаев. 

Сондай-ақ, оның айтуынша, ІІМ жедел уәкілдері Қарағандыда адам өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеуде болған екі күдіктіні қолға түсірген. 

Ал Павлодар облысының тәртіп сақшылары Ақсуда 12 сәуірде адам өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.

155
Кілт сөздер:
қауіпті қылмыскерлер, ұстау
Архивтегі фото

Алматыда 28 қыркүйектен бастап жылу беріледі

13
(Жаңартылды 16:07 28.09.2020)
Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына бүгінгі күннен бастап жылу толық қуатында беріледі

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматыда жылу маусымы 28 қыркүйектен басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жылу маусымын бүгіннен, яғни 28 қыркүйектен бастау туралы шешім қабылданды. Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметі бойынша жылу желілері мен жылумен қамту жүйелері 100% дайын", - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз хатшысы.

Қалада ең алдымен бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылады. Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына бүгінгі күннен бастап жылу толық қуатында беріледі.

Тұрғын үйлер осы апта ішінде жылу жүйелеріне қосылады.

Айта кетейік, қалада 444 білім беру нысаны, 133 денсаулық сақтау саласындағы нысан мен орталық жылу жүйесіне қосылған 8 024 көппәтерлі үй бар.

Жыл сайын қалада жылу маусымда 15 қазаннан бастап, орташа тәуліктік температура үш күн бойы +8 градустан төмен болған кезде басталатын еді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жылу беру маусымы уақытынан бұрын басталды 

Қазгидрометтің мәліметінше, Алматы мен Алматы облысында қазанда орташа айлық температура +6 +12°С шамасында болады.

Қазанның бірінші онкүндігінде ауа температурасы түнде +8...+13 градустан +3...+8 градусқа дейін төмендейді. Ал таулы және таулы аймақтағы аудандарда 0...+5 градустан 0...-5° градусқа дейін түседі.

Күндіз ауа температурасы +23...+28 градустан +10...+15°С-қа дейін, оңтүстікте +32°С-тан +20°С-қа дейін төмендейді.

Қазанның екінші онкүндігінде ауа температурасы түнде 0...+5° градустан +8...+13 градусқа дейін төмендейді. Таулы аймақтарда -3...-8 градустан -2...+3°С-қа дейін түседі.

Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде +5...+10°С-тан 0...-5°С-қа дейін, таулы аймақтарда -10°С болады деп болжанды. Күндіз +10...+15°С-тан 0...+5°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі мүмкін.

13
Кілт сөздер:
Алматы, жылу беру маусымы
Тақырып бойынша
Үсік жүреді – қыркүйекте ауа райы қандай болады
Қазақстанда қар жауды – видео
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласында әуежайдың ашылуына қатысты

Түркістан қаласында жаңа әуежай іске қосылды: рәсімге Елбасы қатысты

132
(Жаңартылды 14:15 28.09.2020)
Әуежайдың жалпы ауданы – 905 гектар болса, ұшу-қону жолағы – 3 300х45 метр. Ал жолаушылар терминалының ауданы – 10,5 мың шаршы метр

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Елбасы Түркістан халықаралық әуежайының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан халықаралық әуежайының ашылу рәсіміне қатысты. Қаладан 20 шақырым жерде орналасқан әуежай заманауи технологияларды қолдана отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес салынған", – деп хабарлады Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Үкібай Twitter парақшасында жариялаған фотоларға сәйкес, әуежай ішінде арнайы тақтайша орнатылған. Ол жерде "Түркістан халықаралық әуежайының құрылысы 2019 жылы Қазақстан Республикасының бастамасымен қолға алынып, 2020 жылы 28 қыркүйекте Елбасының арнайы қатысуымен ашылды" деп жазылған.

Сонымен қатар әуежайдың ашылуына үкімет басшысы Асқар Мамин де қатысты.

Елбасының бұл сапары барысында Түркістан қаласында жаңа халықаралық әуежайы іске қосылды.

"Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы жаңа әуежай құрылысының жобасы қазіргі Түркістанның ауқымды құрылысының ірі және маңызды нысандарының біріне айналды. Түркістанның жаңа әуе айлағы өңірдегі туризмнің дамуына қуатты серпін беріп, азаматтардың авиатасымалдау қызметіне деген қажеттілігін қанағаттандырады, – деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

Әуежай құрылысына қатысты рекордтық көрсеткіш

Жобаны іске асыру үшін шетелдік инвестициялар тартылған, құрылыс рекордтық мерзімде аяқталып отыр.

Түркістан қаласының жаңа халықаралық әуежайынан бірінші кезеңде қазақстандық авиакомпаниялар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына рейстер ашады және одан кейін Қазақстанның басқа да облыс орталығымен байланыс орнатылады. Бастапқы кезеңде Turkish Airlines авиакомпаниясы Стамбулға рейстер ашуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Түркістан қаласының әуежайы шетелдік авиакомпаниялардың ұшуы үшін "ашық аспан" режиміне қосылатын болады. Мұндай қадам әуежайдан ұшу географиясын кеңейтеді және шетелдік туристер ағынын тартуға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: "Халық мүлдем басқаша өмір сүретін болады": Назарбаев маңызды жоба туралы айтты

Азаматтық авиация комитетінің мәліметіне сәйкес, әуежайдың ауданы – 905 гектар, ұшу-қону жолағы – 3 300х45 метр, жолаушылар терминалының ауданы – 10,5 мың шаршы метр, өткізу қабілеті – сағатына 450 жол.

Назарбаев тағы қандай нысандарды аралады

Сонымен қатар Елбасы Түркістанға сапары барысында Елбасы "Түркістан-Арена" стадионында болып, одан кейін "Конгресс Холл" көпфункционалды концерт залына да барды.

"Елбасы концерттер, театрландырылған қойылымдар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға арналған көпфункционалды мәдени нысанмен танысты", – деп хабарлады Үкібай Twitter парақшасында.

Айта кетейік, Елбасы бүгін Түркістан қаласына барды. Сапар аясында қаланың бірқатар жаңа нысандарын аралайтыны хабарланды.

132
Кілт сөздер:
Назарбаев, әуежай, Түркістан
Тақырып бойынша
Назарбаев "Нұрлы жер" аясында салынып жатқан тұрғын үйлерді аралады
Бір жылдың ішінде Петропавл қаласы өзгеріп шыға келді
Түркістан облысының құрылғанына 2 жыл толды
Қазақстанда су жаңа әуежай салынады
Түркістан облысында Қазақстан-Қытай индустриялық паркі салынады
Алматыдағы күз

Қазақстанда 29 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

29 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Kazakhstan Security Systems2020 қазақстандық қауіпсіздік жүйесінің қауіпсіздігі бойынша онлайн конференция. Бағдарламаға аясында заманауи бейнебақылау жүйелері, өрт қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік, террористік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл, банк және қаржы салаларындағы қауіпсіздік шаралары қамтылады. Конференцияға 50-ден астам компания қатысып, 18 онлайн іскерлік іс-шара өтеді. Қатысу тегін (kss-expo.kz сайтында тіркелу).

11.00 – "Астана-Теплотранзит" АҚ жылу энергиясының тарифін бекітуге қоғамдық тыңдау өткізеді. Тыңдаулар бір уақытта офлайн және онлайн режимінде ұйымдастырылады. Офлайн Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты, Тәуелсіздік даңғылы 7, акт залында, ал онлайн департаменттің ресми парақшасында Facebook әлеуметтік желісі арқылы өтеді. Қоғамдық тыңдауға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары, табиғи монополиялар субъектілері шақырылады. Анықтама үшін телефон: 8(7172)95-18-69.

12.00 – "Азық-түлік өнімдерін өндірушілер, сауда және шағын бизнес қауымдастықтары өкілдерінің Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеуі" баспасөз конференциясы. Спикерлер: Қазақстандық қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Айжан Наурызғалиева, "Қазақстанның сүт одағы" ЗТБ атқарушы директоры Владимир Кожевников, Қазақстанның сүт одағының оңтүстік өңірдегі өкілі, одақтың сарапшылар тобының мүшесі Дінмұхамед Айсауытов, "Алкогольсіз сусындар мен шырындар өндірушілер қауымдастығы" ЗТБ атқарушы директоры Әлия Мамытбаева, "Қазақстанның тікелей сату қауымдастығы" ЗТБ атқарушы директоры Анастасия Калашникова, "Қазақстанның тәуелсіз автобизнес одағы" ЗТБ басқарма төрағасы Берік Заиров (Қазақстан баспасөз клубы, Алматы қаласы, Самал шағын ауданы 2, 58. Аккредиттеу +7 701 749 02 00. Трансляция мына сілтеме арқылы жасалады).

19.20 – "Воды слонам!" фильмінің тегін көрсетілімі. Басты рөлдерде – Роберт Паттинсон және Риз Уизерспун (Алматы, Hide Park, Тимирязев көшесі, 42к17).

30 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған "KTZE – Khorgos Gateway" құрғақ портының нысандары мен Қазақ-қытай шекарасындағы Алтынкөл теміржол станциясына баспасөз туры. Тур аясында қайта тиеу процестерінің көрсетілімі және Алтынкөл станциясы мен Құрғақ порт басшылығымен сұхбат ұйымдастырылады. Қатысуға ниетті азаматтар үшін Алматы–Жаркент–Алматы бағыты бойынша көлік ұйымдастырылады және тамақтану (түскі және кешкі ас). Телефон арқылы аккредиттеу: +7 775 813 33 35 (Анастасия Карабалина).

10.00 – Суретші Рустам Халфин туындыларының көрмесі. Қастеев атындағы өнер музейі, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 22/1. Байланыс телефоны: +7 (7273945715).

11.00 – "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркін дамыту тұжырымдамасының презентациясы.

11.00 – Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің қолдауымен Қазақстандағы ЕО климаттық дипломатиясы және #EU4GreenKZ акциясы аясында ағаш отырғызу. ЕО елшілері мен өкілдері ЕХРО-ға мүше елдердің санын білдіретін ЭКСПО-ға 27 ағаш отырғызады. Іс-шараның мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласының жасыл және тұрақты дамуына үлес қосу және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты нығайту. (Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, EXPO аумағы, жанындағы балалар алаңы, Ақмешіт көшесінің бойында. Байланыс телефоны: +7 775 673 08 23)

1 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Құрамында Нобель сыйлығының лауреаттары бар Central Asia Nobel Fest Live бірінші онлайн ғылыми фестивалі (Тіркелу nobel-fest.inpolicy.net).

00.00 – мобильді қосымша және primaries.kz арнайы веб-порталы арқылы Nur Otan партиясының праймеризіне электронды дауыс беру басталады. Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылады. Интернет жоқ елді мекендерде қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс беруге болады. Үміткерлердің рейтингісі көрсетілетін праймериз қорытындысы 5 қазанда жарияланады.

10.00 – Қазақстанның Орталық мемлекеттік музейі Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырған "Ғажайып көркем сурет" көрмесі. Көрме ҚХР құрылғанына 71 жыл толуына арналған. Көрме 31 қазанға дейін жұмыс істейді. Демалыс күні – сейсенбі (Алматы, ҚР Орталық мемлекеттік музейі, Самал-1 шағын ауданы, 44. Байланыс телефоны: +7 727 264 26 80).

10.00 – "Қарты бар үйдің қазынасы бар" қайырымдылық концерті (Трансляция Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Instagram парақшасында).

19.00 – Нұр-Сұлтандағы Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 120-шы мерейтойлық театр маусымының ашылуы. Маусым "Найзағай" спектаклімен ашылады (Трансляция театрдың YouTube каналында жасалады).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0