Өңірлер

Астанада автобус жүргізушісі доңғалақ ауыстыру кезінде көз жұмды

© Sputnik / Ксения ВоронинаАвтобустың архивтегі фотосы
Автобустың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адамның кенеттен қаза болуының себебі әзірге белгісіз

АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Астанада аялдамалардың бірінде автобустың доңғалағын ауыстырып жатқан жүргізуші белгісіз себеппен көз жұмды.

Автобус бойжеткенді басып кетті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда автобус бойжеткенді қағып өлтірді
   

"Астана LRT" ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 18 сәуір күні таңертең сағат 8.30-да болған.  

"Шанхай" базары бағытындағы Бөгенбай батыр даңғылының "Бейбітшілік" аялдама пунктінде №120 бағдардағы Hyundai County маркалы автобустың алдыңғы доңғалағын ауыстыру кезінде механикалық көлік құралының жүргізушісі көз жұмды. Биологиялық өлімнің себебі әзірге белгісіз ", — деп хабарлады көлік компаниясы.

54 жастағы автобус жүргізушісі рейске шығардан бұрын медициналық тексерістен өтіп, жұмысқа жіберілген. Оның жолаушылар көлігіндегі еңбек өтілі 10 жылдан асқан екен.  


Жаңалықтар
0