Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Елена БережнаяСу басу
Су басу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік Қазақстан облысында су басу қаупі бар

АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Солтүстік Қазақстанда су басу қаупіне байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет".

"2018 жылдың 20 – 21 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батысқа соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с болып, жауын-шашын түсуі ықтимал", — делінген хабарламада.

Соның салдарынан мұз сөгіліп, Есіл, Қызылжар ауданы, Петропавл қаласы аумағында су деңгейінің кенет көтерілу қаупі туындайды.

Петропавл қаласы маңындағы судың қауіпті деңгейі – 940 см (судың жайылуы).

Жаңалықтар
0