Өңірлер

Алматы облысында зиратқа келгендер адам шошырлық көрініске куә болған

© Sputnik / Вадим Жернов / Медиабанкке өтуҚираған қорым, архивтегі фото
Қираған қорым, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аты-жөні белгісіз жандар жерленетін қорымдағы көріністен денең түршігеді, марқұмдар дұрыс жерленбей сыртқа шығып қалған

АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Алматы облысында аты-жөні белгісіз жандар көмілетін бейітте марқұмдар дұрыс жерленбей, табыттар сыртқа шығып қалған. Мұндай сорақылыққа налыған зиярат етушілер табыт ішіндегі мəйітті қаңғыған ит тартқылап, күн ысығанда түрлі ауру тарауы мүмкін деп қауіптенеді, деп хабарлайды КТК. 

Ал, марқұмдарды жерлеу рəсімі тендер арқылы жүргізілетінін айтқан əкімдіктегілер, жылына 2 милллион теңге бөлінетін жұмыстан кеткен олқылықты енді өздері атқаруға мəжбүр екен.

зират, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Көкшетауда жерленген ұлының сүйегін ата-ана қайта қазып алуға мәжбүр болды

Қорымдағы көріністен денең түршігіп, аза бойың қаза болады. Оңды-солды көмілген табыттардың шеті көрініп, ашық-шашық жатыр. Қарайған қоршауы да жоқ. Өкініштісі, бейіттегі  бейберекетсіздікті құзырлы орындар емес, əуелі зиярат етушілер байқаған. 

"Мемлекеттік бюджеттен қанша ақша бөлінсе де, адам секілді жерлей алмаған. Маңайда жұрт бар, балалар ойнап жүр. Қаңғыған кез келген қазып алуы да ғажам емес. Табыт топырақтан ашық жатыр, қалған жері 10-15 сантиметр тереңдікте көмілген", — дейді Евгений Дягилев.

"Шындығында моральдық тұрғыдан алсақ, адамгершіліктен жұрдай жандардың әрекеті дер едім. Қайткенде де зиратқа қарайтын жауапты мекеме болуы керек қой. Бірақ, біз жан-жаққа хабарласып, ешкімді таппадық", — деп кейіді  Анжелика  Ахмедова.

Междуреченск ауылдық округіндегі арнайы жерлеу орны  5 жыл бұрын ашылған. Тағдырдың жазуымен осы зираттан топырақ бұйырғандар, алдын-ала қазылған шұңқырға жерленеді. Ал, бейіт басына жиналғандар,  әруақты қорлағандар жазасын алуы тиіс деп есептейді. Бірақ, жергілікті әкімдіктегілер, бар кінәні табиғаттың тосын мінезіне артып қойды.   

"Өздеріңіз білесіздер, қазір көктем мезгілі. Қар жауады, жаңбыр жауады, жер отырады. Өзіміздің әкімдік тарапынан мамандар келіп, қарап тұрады. Істеген жұмысына қарай ақшасын беріп тұрамыз", — деп түсіндірді Междуреченск ауылдық округінің əкімі Серік Əбдібеков. 

Мұсылмандар зираты - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оралда зираттан жаңа туған сәбидің денесі табылды
Талап бойынша тендерден жеңімпаз атанған жеке компания марқұмдарды жерлеу рəсімін іске асырып келіпті. Оған жылына бақандай 2 миллион теңге бөлініп отырған. 

Қорымға тек Іле ауданындағы мəйітханалардан жеткізілетін аты-жөні белгісіз жандар жерленеді. Жылына орта есеппен 30-ға жуық адам жер қойнына тапсырылады. Бірақ, маңайдағы тұрғындар табыты көрініп, ашық-шашық қорымнан күн ысығанда түрлі ауру тарай ма деп қорқады. Ал, тендерден ұтып, іс бітті, қу кеттінің керін келтірген компанияға шара қолдана алмаймыз деген əкімдіктегілер, енді марқұмдарды қайта көму жұмысын өз мойындарына алатынын айтты.

 

Жаңалықтар
0