Өңірлер

Туған әкесін пышақтап өлтірген қызға үкім шықты

© Sputnik / Табылды КадырбековҚыз жылап тұр
Қыз жылап тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Туған әкесін өлтірген қызды сот залында босатып жіберді

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Қостанай облысында кәмелеттік жасқа толмаған қызды туған әкесін өлтіргені үшін соттады. Оқиға 2018 жылы 3 қаңтарда Меңдіқара ауданында болған, деп хабарлайды "Наша Газета" басылымы.

Бетін жауып тұрған қыз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы облысында сәбиді тістеп тастаған ер адамға үкім шықты

Хабарланғандай, 17 жастағы қыз тұрмыстық жанжал кезінде әкесіне пышақ салған. Ер адам сол жерде жан тапсырыпты.

Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық іс жабық режимде қаралды. Үкім 18 сәуірде шығарылған. 

Бастапқыда сотталушыға ҚР ҚК 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша айып тағылған болатын. Бірақ кейінірек оқиғаның мән-жайы анықталып, іс ҚР ҚК 102-бабы бойынша қаралды.

Сот қызды бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесіп, сот залында қамаудан босатты. 

Белгілі болғандай, қыздың әкесі маскүнемдікке салынған екен. Сотталушы Қостанай қаласындағы колледжде оқиды, ата-анасына қысқы каникул кезінде барған.

Жаңалықтар
0