Өңірлер

Алматы облысында жас жігіт із-түзсіз жоғалды

© AP Photo / Michael ProbstЖігіт
Жігіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Туыстарының айтуынша, жас жігіт Өтеген батыр ауылында жоғалып кеткен

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Алматы облысында полиция Алматы қаласының 21 жастағы тұрғыны Айдар Ибадуллаевты іздестіріп жатыр, ол екі күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қыз, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Семейде бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті

Іздеу барысында жас жігіттің туыстары Іле ауданы Өтеген батыр ауылын мұқият тексеруді сұрады. Айдар сол ауылда жоғалып кеткен болса керек.

Алматы облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Айдар Ибадуллаевтың іздестіріліп жатқаны туралы ақпаратты растады. 

Із-түзсіз жоғалып кеткен жігіттің суреті мен сырт келбеті туралы бағыттама Алматы облысы ІІД-нің барлық бөлімшелеріне жіберілген.

Айдар Ибадуллаев, бастапқы мәлімет бойынша, құрылыс материалдарын сатумен айналысатын ЖШС директорының ұлы екен.

Жаңалықтар
0