Адамның сүйегі

Шымкентте саябақ маңынан адамның сүйегі табылды

65
(Жаңартылды 16:54 27.04.2018)
Толығырақ мәлімет алу үшін сараптама жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Шымкенттегі дендропарк маңында жұмыс істеп жүрген экскаватор жүргізушісі адамның сүйегін тауып алды.

Жұмысшы бірден полицияға хабар берген. Оқиға орнына жеткен Әл-Фараби АІІБ құқық қорғау органдарының қызметкерлері тиісті жедел шараларды орындауға кірісті, деп хабарлайды TVK.

Сараптама жүргізілген соң, адамның неден қайтыс болғаны белгілі болады. Бастапқы деректер бойынша, сүйекке кем дегенде 20 жыл. Бәлкім, баяғыда ашылмаған немесе полицияға беймәлім қылмыстың құрбаны болуы мүмкін.


65
Кілт сөздер:
адамның сүйегі, Шымкент
Загрузка...