Өңірлер

Синоптиктер мереке күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Болат Шайхиновжаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазгидромет 29 сәуір-2 мамыр аралығындағы ауа райына болжам ұсынады

АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik. Мереке күндері республиканың басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, жел соғады, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сәуір айының соңғы күндерінде атмосфералық ағымдардың әсерінен кей жерлерде, әсіресе Қазақстанның солтүстігі мен шығыс облыстарында жаңбыр жауады.

"Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, батыс және орталық аудандарда өткінші жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен орталықтың кей жерлерінде ауа температурасы 22…33 градусқа дейін жоғарылайды", — делінген хабарламада.

Ал 1-2 мамыр күндері еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың әсерінен найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, екпінді жел соғады. Ауа температурасы төмендейді деп болжануда.

Жаңалықтар
0