Өңірлер

Атырауда 13 жасар қыз үшінші қабаттан құлап кетті

CC0 / / Қыз бала
Қыз бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыз бала әртүрлі жарақатпен ауруханада жатыр

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Жасөспірім қыз үшінші қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі.

"1 мамыр күні 19:15-те Нұрсая шағын ауданындағы бес қабатты үйдің үшінші қабатында 2005 жылы туған қыз байқаусызда терезеден құлап кеткен. Зардап шегуші әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды", — деп хабарлайды ТЖК.

Комитет еске сала кеткендей, ата-ана қауіпсіздік шарасын ескеріп, балаларын қараусыз қалдырмағаны жөн.

Жаңалықтар
0