Су

Атырау облысында балық аулауға барған жасөспірім суға батып кетті

56
(Жаңартылды 08:53 04.05.2018)
Құтқарушылар ұзақ уақыт бойы баланың денесін таба алмаған

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Атырау облысында балық аулауға барған жасөспірім өзенге батып кетті, деп хабарлады "Мой город" жергілікті басылымы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Атырау қаласы жанындағы Талғайран ауылы маңында Орал өзенінде күндіз болған.

Құтқарушылар 16 жастағы баланың денесін кешкі сегізден онға дейін ауылдан бес шақырым жерде іздеген. Алайда іздеу шаралары ешқандай нәтиже бермепті.

3 мамыр күні таңертең ғана жергілікті тұрғындар жасөспірімнің денесін судан алып шыққан. Іздеуге құтқарушылар мен полицейлер жұмылдырылып, жүзу құралдары мен арнайы техника қолданылған болатын.

56
Кілт сөздер:
балық аулау, суға кету, жасөспірім, Атырау облысы
Загрузка...