Сотталушы

Алматыда үш әйелді пышақтап өлтірген қанды қол қылмыскер сотталды

376
(Жаңартылды 18:05 06.05.2018)
Ер адам 25 жылға сотталды

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында үш әйелді өлтірді деп айыпталған Замандин Палтуев 25 жылға сотталды.

Қанды қол қылмыскер былтыр желтоқсан айында үш әйелді аяусыз пышақтаған. Әйелдердің бірімен қылмыс жасағанға дейін бір апта бұрын танысыпты, сол қаралы күні апалы-сіңлі екі әйел ер адамды үйіне өздері кіргізген.

Дастархан басында жанжал шығып, сотталушы әуелі бөтелкелесін ұрып жіберіп, кейін апалы-сіңлілерге тап беріп, пышақтап тастайды. Әйелдердің бірі 17, екіншісі 43 пышақ жарақатын алған. Ал үшіншісі кездейсоқ өтіп бара жатқан әйел адам екен, қылмыскер әуелі оны тонамақ болып, кейін пышақтап өлтірген.

Сот процесі жабық режимде өтті. Сотталушының адвокаты Дінмұхамед Нарымбетов айтқандай, ер адам кінәсін мойындап, жасаған қылмысына өкінген.

Замандин Палтуев 25 жылға сотталды.

376
Кілт сөздер:
пышақтап тастады, сотталушы, қанды қол қылмыскер, Алматы
Дәрігер

Тоқаев Атырау облысына қандай көмек көрсетілетінін айтты

113
Атырау облысында COVID-19 індетін жұқтыру көрсеткіші жоғарылағандықтан, өңірге арнайы комиссия аттанған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық пандемияға байланысты Атырау облысындағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Атырау облысындағы ахуал туралы қоғам өкілдерінің шағымдарымен таныстым. Премьер-министрдің орынбасары бастаған комиссия аймаққа барып қайтты. Үкімет өңірге дәрігерлер жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіп, көмектеседі", – деп жазды Тоқаев Twitter-де.

11 шілде күнгі деректер бойынша Атырау облысында 7 662 адамда коронавирус ауруы анықталған. Ал өткен тәулік ішінде 269 адамда аталған індеттің диагнозы расталды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Теңіз кен орнында екі мыңнан астам компания қызметкерінде коронавирус ауруы анықталған.

Инфекция ошағы ретінде Теңіз кенішіндегі 36 вахталық поселке мен Теңізде жұмыс істейтін 57 ЖШС есепке алынған.

Айта кетейік, президент жақында ғана осы өңірге премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған арнайы комиссия жіберген болатын. Сондай-ақ, Тоқаев өңір басшысы өзіне жүктелген міндеттерді орындамай отырғанын айтып, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовке сөгіс жариялағаны белгілі.

Кейіннен Атырау облысында карантин режимі күшейтілді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев министрлер мен әкімдерге: демалысты ұмытыңдар

Сонымен қатар, энергетика министрлігі мен оның жергілікті жердегі атқарушы органдарына ауысымға келген жұмысшылардың ПТР тестілеуден өтуін 3 күннен аспайтын мерзімде жасалуын қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл ретте жұмыс берушілер осы тапсырманың орындалуына жауапты болады.

113
Кілт сөздер:
эпидемия, коронавирус, Атырау облысы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаев арнайы комиссия құруға тапсырма берді
"Ұпай жинайсыз деді": Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін ашық айтты
Тоқаев мораторий жарияланған Жер кодексі туралы: Бұл мәселеге енді оралмаймыз
Тоқаев үкіметтің бастамасы туралы: жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін
Тоқаев биліктің қалай өзгеретінін айтты
Компьютерлік клуб, архивтегі сурет

Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген клубта 70-ке жуық адам болған

223
(Жаңартылды 09:06 12.07.2020)
Клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге шамасында айыппұл салынып, ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Арнайы мониторингтік топ мүшелері Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген компьютерлік клуб пен караокені анықтады.

"Мекеме есігі тапсырыс берушілер үшін ашық болған. Карантин кезінде бұл компьютерлік клуб пен караокенің жұмыс істеуіне тыйым салынған. Соған қарамай ол жерде 70-ке жуық адам жүрді. Араларында кәмелетке толмаған балалар да бар", - делінген Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ендігі жерде клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге шамасында айыппұл салынады. Ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.

Айта кетейік, мемлекеттік комиссия шешімімен Қазақстанда екі апталық карантин енгізілді.

Жабық жағдайдаға сауда және ойын-сауық орталықтары мен сұлулық салондарының қызметіне тыйым салынды.

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде отшашу жасау заңды ма – ішкі істер министрлігі жауап берді

Ал азық-түлік дүкендері мен базарлардың жұмыс уақыты шектелді. Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің де жүру кестесі қысқартылды.

223
Кілт сөздер:
карантин, Қарағанды
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Сағынтаев жаңа карантин кезінде Алматыда қанша адамның жұмыссыз қалғанын айтты
Өзбекстанда үш апталық қатаң карантин енгізіледі
Алматыда қандай аудан тұрғындары карантин режимін жиі бұзады
Локдаун режимі: демалыс күндері тағы қандай облыста карантин күшейтіледі?
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады