Өңірлер

Алматыда балабақшаға электронды кезекке қалай тұруға болады?

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуБалабақша
Балабақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келесі жылға балақашаға балаларды қабылдау 15 мамырдан бастап арнайы сайтта автоматтандырылған жүйе арқылы жүргізілетін болады

АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. Алматы қаласының білім басқармасы балабақшаға балаларды қалай кезекке тұрғызуға болатынын айтты.

Балалар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қандай балаларға балабақшаға жолдама автоматты түрде беріледі?

Басқарма атап өткендей, 15 мамырдан бастап 2018/2019 оқу жылына балабақшаларға балаларды қабылдау басталады.

"Кезекті басқарудың жаңа автоматтандырылған жүйесіне өтуімізге байланысты, балаларды балабақшаға Қаланың даму орталығы сайты арқылы қабылдайтын боламыз", — делінген хабарламада.

Электронды кезекке тұру үшін, ата-ана ХҚКО-нан электронды-цифрлық қолтаңба алып, аталған сайтқа сол қолтаңба арқылы жеке кабинетке кіруі тиіс. Сол жерде хабарласу үшін жеке ақпарат қалдырып немесе бар мәліметті түзетуі керек.

Баланың туған күні қараша немесе желтоқсан айында болса, кезегі автоматты түрде келесі жылға ауысады. Бұдан бөлек, бос орындар бар мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар жүйеде көрсетіледі.

Жолдама алу мерзімі — үш жұмыс күні. Жолдама алған соң ата-ана таңдаған балабақшасына бес жұмыс күні ішінде баруы тиіс.

Жаңалықтар
0