Киік

Батыс Қазақстанда заңсыз киік аулаған шекарашы ұсталды

7
(Жаңартылды 17:09 15.05.2018)
Шекарашының көлігінен киіктің денесі мен бірнеше мүйіз табылған

АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында заңсыз киік аулаған шекара қызметі капитаны ұсталды, деп хабарлайды Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, 14 мамырда  Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында мемлекеттік нөмірі мен құжаттары жоқ "ЧС-МОТО" квадроциклі ұсталды. 

Шекара қызметінің капитаны Е.М. есімді азаматқа тиесілі квадроциклді тінту барысында 12 дана киік мүйізі мен мылтықтың қабы, балта және киіктің денесі табылған.

Оқиға орнына Жәнібек ауданы ішкі істер бөлімінің жедел тергеу тобы шақырылды. Қазір заңсыз киік аулау дерегі бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

7
Кілт сөздер:
шекарашы, заңсыз киік аулау, Батыс Қазақстан облысы