Рельстер, темір жол

Өскеменде жоғалып кеткен 66 жастағы әйелдің мәйіті табылды

144
(Жаңартылды 20:11 16.05.2018)
Жүйке ауруына шалдыққан әйел үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған

АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Өскеменде кеше 66 жастағы әйелге туыстары іздеу салған еді. Ол үйінен белгісіз бағытқа кетіп, қайта оралмаған, телефонынан да хабар болмаған. Бүгін таңертең оның денесі  Согра теміржол өткелінің маңынан табылды, деп хабарлады Алтайньюс. 

Қаза тапқан әйелдің келінінің айтуынша, ол соңғы жылдары жүйке ауруына шалдығып, диспансерде есепте тұрған көрінеді.

"Жалғыз өзі тұрып жатты, күйеуіміз екеуіміз жағдайын біліп тұратынбыз. Алайда кеше ұлы барған кезде үйде болмай шықты. Полицияға хабар бердік, олар кешке дейін іздеп таба алмаған соң, таңертеңнен бастап телефоны арқылы жүрген жерін анықтай алатындарын айтты",-дейді марқұмның келіні.

Таңертең 66 жастағы әйелдің денесі темір жол бойынан табылған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жоғалған әйелді пойыз қағып кеткен. Оғиғаның себеп-салдары әзірге белгісіз.


144