Жол

Оралда ер адам жол үстіндегі биікке шығып, би биледі

31
(Жаңартылды 18:25 17.05.2018)
Видеоны куәгер түсіріп алыпты, "биші" бес-алты метр биікте билеген

АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Оралда ер адам  жаяу жүргіншілер өткелін жарықтандыруға арналған жол үстіндегі конструкцияға шығып, би биледі.

Куәгер түсірген видеосында оқиғаның 2018 жылы 16 мамырда нан зауыты ауданында болғанын хабарлады. Видеода жас жігіт металл конструкцияға шығып алып, би билеп тұр. Қалай шыққаны беймәлім, деп жазады "Мой город" басылымы.

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл мекенжайдан ешқандай хабар келмеген. Жедел жәрдем де шақырылмапты.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

31
Кілт сөздер:
биікке шығу, билеу, Орал