АМӨЗ

Атырау мұнай зауытында жанған от жергілікті тұрғындардың үрейін ұшырды

41
(Жаңартылды 13:48 21.05.2018)
Экологиялық қызмет зерттеу жүргізіп жатыр, ал зауыттағылар қалдықтардың денсаулыққа зиян емес екенін алға тартады

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Атырау тұрғындарын жергілікті мұнай өңдеу зауытында жанған от қорқытты. АМӨЗ оқиғаға қатысты пікір білдірген.

"17 мамыр күні сағат 18:40-та компрессордың тоқтауы салдарынан жанармай газы факелге түсті. 20:36-да компрессор іске қосылды. Газдың қайта жанармай жүйесіне беріліп отыруы реттеліп жатыр", — деп түсіндірді кәсіпорын.

Бірақ шыққан түтін адам денсаулығына зиян емес көрінеді.

Қазір экологиялық қызмет зерттеу жүргізіп жатыр. Ал кәсіпорын басшылығы қала тұрғындарынан кешірім сұрайды. 
41
Кілт сөздер:
от, мұнай өңдеу зауыты, Атырау
Загрузка...