Өңірлер

Қазақстанда күн 35 градусқа дейін ысиды

© Sputnik / Болат ШайхиновКүн жылынады
Күн жылынады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" РМК демалыс күндеріндегі ауа райына болжам ұсынады

АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, 19-21 мамыр аралығында республика аумағында күн жылы әрі ашық болады. Ал еліміздің батысында ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағы антициклон ықпалында болады. Соның әсерінен ауа райы жылы және жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр. 

"Қазақстанның батысына Кіші Азия аймағынан ауа ағымдары ығысып, температура +30…+35 градусқа дейін жоғарылайды. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда сенбі-жексенбі күндері түнде суық болады. Алайда жексенбіде күндіз ауа температурасы +25+30 градусқа дейін күрт көтеріледі", — делінген хабарламада.

Жаңалықтар
0