қария

Өскеменде автобус аялдамасында 78 жастағы қария көз жұмды

38
(Жаңартылды 18:24 21.05.2018)
Зейнеткер жедел жәрдем жеткенше қайтыс болды

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Өскеменде автобус аялдамасында егде жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

17 мамырда түс кезінде полицияға аялдамада ер адамның жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары автобус күтіп тұрған зейнеткердің өзін кенеттен нашар сезініп, құлағанын анықтайды. Сол жерде болған адамар жедел жәрдем шақырған.

"Жедел жәрдем қызметкерлері жылдам жетті, бірақ ер адамды құтқарып қала алмады. 78 жастағы азамат дәрігерлер келгенше көз жұмды", — деп хабарлады ШҚО ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр. Полицияның хабарлауынша, алдын ала мәліметтер бойынша зейнеткердің өлімінде қылмыстық із жоқ.

38
Загрузка...