Сәби

Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәресте шетінеп кетті

57
(Жаңартылды 17:25 24.05.2018)
Сәби 22 мамырда Қостанай қаласы туберкулез диспансері маңынан табылған

АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің өміріне дәрігерлер араша түсе алмады, деп хабарлайды "Костанайские новости".

Нәресте ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген болатын. 

"Үш жарым килограмм салмақта туған. Бұл жаңа туған сәби үшін жақсы салмақ. Дәрігерлер түні бойы оның өмірін арашалап қалуға тырысты, алайда нәресте шетінеп кетті. Болған оқиға бәрімізді есеңгіретіп тастады", — деп мәлімет берді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкий.

Қазір полицейлер баланың анасын іздеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

57
Кілт сөздер:
шетінеп кетті, сәби, қоқыс жәшігі, Қостанай
Загрузка...