Өңірлер

Семейде ауыз суды екі күн ішуге болмайтыны ескертілді

Жазылу
"Семей су арнасы" кәсіпорындар мен мекемелер басшылығынан тәуліктік су қорын дайындап алуды сұрады

АСТАНА, 24 мамыр — Sputnik. Семей қаласында су құбыры желілерін залалсыздандыруға байланысты екі күн ауыз суды қолдануға болмайтыны туралы ескертілді, деп жазды altaynews.kz. 

Су құбырының шүмегі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада үйдегі краннан жасыл түсті су ағуы мүмкін

"Семей су арнасы" МКК хабарлауынша, ертең сағат 23:00-ден 26 мамыр сағат 9:00-ға дейін қаланың оң және сол жағалауында су құбыры желілерін залалсыздандыру мен бір мезгілдік жуу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты суды қолдануға болмайды.

Мамандар қала тұрғындарынан, кәсіпорындар мен мекемелер басшылығынан тәуліктік су қорын дайындап алуды сұрайды.


Жаңалықтар
0