Лифт

Лифтіде би билеген ұры жұртты күлдірді - видео

529
(Жаңартылды 11:43 28.05.2018)
Алматыдағы үйлердің бірінде велосипед ұрланды. Ұры бақылау камерасына түсіп қалыпты

АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Алматыда велосипед ұрлауға келген жігіт лифтіде би биледі, деп хабарлайды InAlmaty.kz. Бақылау камерасына түскен видео Желіде тарап кетті.

Ұрлық Ақкент шағын ауданында түнде болған. Ер адам тоғызыншы қабатқа лифтпен шығып, велосипедті ұрлап, баспалдақпен түсіп кетті. Кадрға ұрының заң бұзар алдында билегені түсірілген.

"Бұл тағдыр тәлкегіне ұшыраған бала туралы оқиға, ол күн көру үшін ұрлық жасауға мәжбүр, ал шындығында сахнаға шығып, би билегенді армандайды – көпшілікке танылғысы келеді", — деп жазды қолданушылардың бірі.

"Іске кіріспес бұрын сергіп алайын деген ғой", — дейді басқа бірі.

529
Кілт сөздер:
билеу, ұры, лифт, Алматы
Загрузка...