УАЗ

Ақмола облысында УАЗ суға батып кетті

74
(Жаңартылды 20:06 28.05.2018)
Көлік жүргізушісі аман қалды. Қазір жол учаскесіне құм төгіліп, "айналып өтіңіз" деген белгі қойылған

АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының тұрғындары әлеуметтік желіде таратқан видеода Қорғалжын – Арықты жолын су алып кетіп, салдарынан УАЗ көлігі батып кеткен. Жүргізуші зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Видеода жергілікті тұрғын Садырбай өзені бір апта бұрын аңғарынан асқанын айтады.

 

 

"Жергілікті әкімдік ахуалды бақылап отырмыз, жол жабық, көліктер айналма жолмен қатынайды дейді. Бірақ шын мәнісінде олай емес. Ақыры, міне, көлік суға батып кетті. Жергілікті ер-азаматтар көріп қалып, жүргізушіні шығарып алды", — деп әңгімелейді әйел.

Видеоның авторы айтқандай, жауапты тұлғалар бұл үшін жазалануы тиіс.

Оқиғаны Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі түсіндірді.

"23 мамырда "Қорғалжын-Арықты" жолының 38-ші километрін "Садырбай" көлінің суы алып кеткен, "УАЗ 3962" жүргізушісі, Қорғалжын ауылының тұрғыны суды кешіп өтпек болып, рөлге ие бола алмай, жыраға түсіп кетті", — делінген хабарламада.

Полиция атап өткендей, әкімдік, полиция қызметкерлері мен құтқарушылар көлікті судан алып шығу үшін уақытылы шара қолданған.

"Оқиға салдарынан жүргізуші зардап шеккен жоқ. Қазір жол учаскесіне құм төгіліп, айналып өту белгісі қойылған, айналма жол бар", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

74
Кілт сөздер:
суға батты, көлік, Ақмола облысы
Загрузка...