Өңірлер

ОҚО-да суицид жасаған полицейге қатысты жаңа деректер шықты

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицей
Полицей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сараптама қорытындысы полицейдің қанында алкогольдің бар екендігін растаған

АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы жалдамалы пәтерде полицейдің асылып қалуына қатысты ішкі істер департаменті ресми мәлімдеме таратты, деп жазады otyrar.kz.

Адамның қолы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтөбе әкімдігі жанындағы суицид: құқық қорғаушы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Департаменттің хабарлауынша, 25 жастағы полицей құзырлы органда 2011 жылдан бері қызмет атқарған. Ол ҚР ІІМ қарасты жоғары оқу орнын бітірген соң, Ордабасы ауданына жұмысқа келген.

"Аталған ауданда жергілікті полиция қызметі кәмелет жасына толмағандармен жұмыс істеу бөлімінің инспекторы болып қызмет атқарған. Ол тәртібі нашар полицей ретінде есепте тұрған. Мамырдың 14-і күні  ЖПҚ инспекторы жиналысқа мас болып келген. Сараптама қорытындысы да полицейдің қан құрамында алкогольдің бар екендігін растаған.  Аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметі басшылығы инспектордың туыстарына арнайы түсіндіру хатын жолдайды",- делінген хабарламада. 

Тәртіп сақшысының өз-өзіне қол салу оқиғасы 17 мамырда болды. Марқұмның денесі өзі тұрып жатқан жалдамалы пәтерден табылған. Бұл жағдайға байланысты қазір тексеру шаралары жүріп жатыр. 


Жаңалықтар
0